457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тарихи алтын! Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет әлем чемпионатында топ жарып, ел спортындағы тарихи жетістікті тіркеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Гонконгта өткен әлем чемпионатының финалында Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимовтан құралған ұлттық құрама жуырда ғана Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Бұл – Қазақстан семсерлесу тарихындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтыны. Осылайша ұлттық құрама бір жыл ішінде тарихи серпіліс жасап, әлемдік доданың қола жүлдесінен алтын медаліне дейін көтерілді.

Еске салайық, 2025 жылы Грузияда өткен әлем чемпионатында отандық спортшылар қола медаль жеңіп алған болатын. Ал биыл команда әлемнің үздігі атанып, ұлттық семсерлесу тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

 

Фото: ҰОК