Таразда қызылордалық 22 балуан уланып ауруханаға түсті
Күрес бойынша жаттығу үшін Қызылорда облысынан Жамбыл облысына келген 22 жасөспірім астан уланып, ауруханаға түсті. Деректерге сай, олар шығу тегі әзірге анықталмаған гастроэнтеритпен улануы мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Балалар Жамбыл облысындағы демалыс аймағынан ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар күрес бойынша оқу-жаттығу жиындарына жаттықтырушыларымен бірге келген. Демалыс аймағында 12 мен 17 жас аралығындағы шамамен 100 бала орналастырылған.
Әкімдіктің мәліметінше, тағамдардан және науқастардан зертханалық сынамалар алынған. Қазір олардың нәтижелері күтілуде.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған