457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Таэквондошылар Bulgaria Open 2026 турнирінде бес алтын медаль жеңіп алды

Таэквондодан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы маусымды табысты бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Софияда өткен (WT) Bulgaria Open 2026 халықаралық турнирінде отандастарымыз 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді. G-2 санатындағы додаға ересектер арасында 56 елден 645 спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орын Ресейге бұйырса, Иордания үздік үштікті түйіндеді.

Алтын жүлдені Еркебұлан Еңсегенов (54 келі), Эльдар Бірімбай (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Жавохирхон Исламов (58 келі) және Тоғжан Қазнабек (57 келі) жеңіп алды.

Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс жүлдегер атанды.

Қола медальді Айдана Құмартаева (46 келі), Жанель Сұлтанғалиева (46 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Батырхан Кусетов (80 келі) және Жазира Иссина (57 келі) еншіледі.

 


Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы