Мәзір
Жаңалықтар

Таеквондошы Самирхон Абабакиров әлемдік рейтингте көш бастады

Сабина Асқарқызы 202 қаралым
Таеквондошы Самирхон Абабакиров әлемдік рейтингте көш бастады

Халықаралық таеквондо федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты.

Қазақстандық Самирхон Абабакиров тізімде алғашқы орнын сақтап қалды. Ол 63 келіге дейінгі салмақта көш бастап тұр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі үздік ондыққа енді. Бейбарыс Қаблан (+87 келі) жетінші орынға тұрақтады.

Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) сегізінші орынға көтерілді.

Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) оныншы орынға жайғасты.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар