Таеквондодан U21 әлем чемпионатында Қазақстан үздік үштіктен көрінді
Кенияның Найроби қаласында өткен таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқталды.
Ұлттық құрама екі алтын және бір қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орыннан көрінді. Қазақстан тек Түркия мен Иранға ғана жол берді.
Чемпионаттағы жүлдегерлеріміз:
Алтын медаль иегерлері:
Бейбарыс Қаблан – өз салмағында үздік шығып, әлем чемпионы атанды.
Батырхан Төлеуғали (87 кг) – қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Қола медаль:
Темірлан Тілеулес – әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Фото: Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған