Таеквондодан Қазақстан командасы жарқын нәтиже көрсетті
Біздің команда алғаш рет өткен Алтай Одағы чемпионатында жалпыкомандалық есепте 2-орын алды, деп хабарлайды malimsports.kz
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласындағы даянгта қазақ таеквондошылары ересектер мен жасөспірімдер санатын қоса алғанда 9 алтын, 14 күміс, 25 қола медаль еншіледі.
Жалпыкомандалық есеп:
1. Түркия (10 алтын, 8 күміс, 17 қола)
2. Қазақстан (9 алтын, 14 күміс, 25 қола)
3. Ресей Федерациясы 9 алтын, 4 күміс, 3 қола
4. Өзбекстан (6 алтын, 5 күміс, 11 қола)
5. Корея (2 алтын, 2 күміс, 3 қола)
Енді 25-27 маусым аралығында Астанада G-1 санатындағы кезекті Kazakhstan Open рейтингтік турнирі өтеді.
📸Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған