Таеквондодан KAZAKHSTAN OPEN 2026 турниріне Олимпиада чемпиондары қатасыдаы
25-26 маусым күндері елордада таеквондодан KAZAKHSTAN OPEN 2026 халықаралық турнирі өтеді. G-1 санатындағы бұл жарыс биылғы маусымдағы ең маңызды додалардың бірі саналады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Екінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге әлемнің үздік таеквондошылары қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен әлем және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары бар. Атап айтқанда, Эмина Гёгебакан, Георгий Гурциев, Хакан Речбер, Пак Тхэ Джун, Мохамед Халил Джендуби сынды танымал спортшылар Астанада өнер көрсетеді.
Жарыста Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бақ сынайды. Ел намысын Бейбарыс Қаблан, Батырхан Төлеуғали, Айдана Құмартаева, Самирхон Абабакиров, Нодира Ахмедова және Тамирлан Тілеулес қорғайды.
Әлемдік деңгейдегі спортшылар мен жас таеквондошылар бас қосатын бұл дода жанкүйерлерге тартысты жекпе-жектер мен жоғары деңгейдегі спорттық атмосфера сыйламақ.
Фото: ҰОК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған