457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Таеквондодан Батырхан Төлеуғали жастар арасында әлем чемпионы атанды

Финалда ирандық Мохаммед Ализадені тізе бүктірді

Қазақстандық спортшы Батырхан Төлеуғали (87 келі) Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Финалда ирандық Мохаммед Ализадені тізе бүктірді. Оған дейін отандасымыз аустралиялық Стюарт Джоубты, бейтарап елдің өкілі Владислав Будинді айқын басымдықпен жеңді. 

Осылайша таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі алтын, бір қола жүлдемен аяқталды. Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) жеңімпаз атанса, Тамерлан Тілеулес (63 келі) қола жүлдеге қол жеткізген еді. Мұндай көрсеткіш осыған дейін Қазақстан таеквондо (WT) тарихында тіркелмеген. 

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан Ақбота Желеу (46 келі), Аяулым Асқар (62 келі), Арсылан Ерментаев (68 келі) қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. 

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы