Ертең ШҚО-ның Бозанбай ауылында бесінші мерейтойлық Халықаралық «Шығыс Салбурыны» фестивалінің соңғы күні өтеді, деп жазады malimsports.kz.
Бұл - ұлттық мәдениет, этноспорт және дәстүрлерге толы жарқын мереке. Барлық басты іс-шаралар ертең ұйымдастырылады.
Фестиваль бағдарламасы бүркітшілер өнері, тазы иттерінің шеруі, ұлттық киімдер парады, 20 киіз үйден құралған этноауыл, қазақтың дәстүрлі ғұрыптары, гала-концертпен жалғасады.
Фестиваль қонақтары арасында Қазақстан, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдерден келген қатысушылар өздерінің мәдени мұрасын және этноспорттағы шеберліктерін көрсетеді.
Фото: ШҚО әкімдігі