Швейцариядағы Әлем кубогына қатысатын қазақстандық гимнасттар белгілі болды
26-27 маусым күндері Швейцарияның Ароза қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының сапында Никита Тумаков, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина және Евгения Чернышова өнер көрсетеді.
Ұлттық құрама спортшылары Әлем кубогының жүлделері үшін жекелей және командалық бағдарламаларда бақ сынамақ.
Айта кетейік, қазақстандық гимнасттар бұған дейін Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен болатын. Виктория Бутолина жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізсе, Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов синхронды секіру бағдарламасында күміс медаль иеленген еді.
Фото: ҰОК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған