Мәзір
Жаңалықтар

Сурдлимпиадалық ойындарда ту ұстайтын отандық спортшылар анықталды

Сабина Асқарқызы 187 қаралым
Сурдлимпиадалық ойындарда ту ұстайтын отандық спортшылар анықталды

Токиода өтетін XXV жазғы Сурдлимпиадалық ойындардың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын ұстау құрметі ұлттық құрама командасының дзюдо спортшылары - Айдос Түгелбаев пен Анна Крамороваға берілді, деп жазады malimsports.kz. 
Бұл мәртебелі таңдау спортшыларымыздың жоғары жетістіктерін, табандылығын және елдегі сурдлимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан зор үлесін мойындау болып табылады.
Қазақстанның Сурдлимпиадалық комитеті спортшыларымыздың қатысуы ел намысын абыроймен қорғап, рух пен кәсібиліктің жарқын үлгісін көрсететініне сенім білдіреді.

Фото: ҚР спорт комитеті

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар