Мәзір
Жаңалықтар

Сурдлимпиада: Қазақстандық дзюдошылар тағы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 100 қаралым
Сурдлимпиада: Қазақстандық дзюдошылар тағы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жеңіп алды

Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпия ойындардың кезекті жарыс күні Қазақстан дзюдо құрамасы үшін табысты болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бүгін татамиге шыққан  81 келіге дейінгі Еркебұлан Канафин және 70 келіге дейінгі Амина Файзулина финалдық кездесулерде жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

100 келіге дейінгі Токтарбек Айдарбек финалда француз қарсыласынан жеңіліп, күміс медаль алды. Ал 78 келіге дейінгі Анна Краморова мен ауыр салмақтағы Сабыржан Хапизов қола медальға қол жеткізді.

Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан дзюдо құрамасының қоржынында төрт алтын, бір күміс және төрт қола медаль бар. Бұл нәтижелер бойынша команда жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Фото: Ұлттық сурдлимпия комитеті

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар