Мәзір
Жаңалықтар

Сурдлимпиада: Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлделер түсті

Сабина Асқарқызы 64 қаралым
Сурдлимпиада: Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлделер түсті

Жапонияның Токио қаласында XXV жазғы Сурдлимпиада басталды. Жарыстар 26 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде ел қоржынына екі қола жүлде түсті. Дзюдо бойынша сынға түскен Айым Жетпісбаева мен Алтынбек Кәкітаев үшінші орынға ие болды.

48 келі салмақта белдескен Айым жұбаныш белдесуінде түркиялық спортшы Кючүкарслан Элифті жеңсе, 60 келіде татамиге шыққан Алтынбек жұбаныш белдесуінде нидерландтық спортшы Вестерхоф Альбертті жеңіп, Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

 

Фото: csp-parasport.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар