Сурдлимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Токиода Қазақстан намысын қорғайды
Қазақстанның ең атақты сурдо балуандарының бірі Қайратхан Шонқу 2025 жылғы 15–26 қараша аралығында Токиода (Жапония) өтетін XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысады.
2022 жылы Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен Сурдлимпиадада Қайратхан Шонқу бірден екі алтын медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Ол еркін күрес пен грек-рим күресі бойынша, абсолютті салмақта қарсыластарынан басым түсіп, қос алтын иегері атанды.
Бұл Қазақстан спортындағы айтулы оқиға. Бұған дейін елімізден бірде-бір спортшы Сурдлимпиада ойындарында екі түрлі күрес түрінен қатар алтын жүлде жеңіп алмаған.
Биыл Қайратхаан тағы да сол биікті бағындыруға бел буып отыр. Оның мақсаты – өткен жетістігін қайталап, Қазақстан қоржынына тағы екі алтын қосу.
Қайратхан Шонқу:
«Менің басты мақсатым – елімнің атын абыроймен шығару. Бұл жолы да елге екі алтын сыйлау үшін бар күшімді саламын».
XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан намысын сегіз спорт түрі бойынша 79 сурдо спортшы қорғайды.
Фото: Дене шынықтыру және спорт комитетінің баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған