457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Субриэль Матиас WBC чемпиондық белбеуінен айырылды

63,5 кг дейінгі бірінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек Нью-Йорктегі турнирдің басты кездесуі болды.

Британдық боксшы Далтон Смит пуэрторикалық Субриэль Матиасты жеңіп, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) бойынша жаңа чемпион атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

63,5 кг дейінгі бірінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек Нью-Йорктегі турнирдің басты кездесуі болған еді. Кездесу 12 раундқа жоспарланғанымен бірақ уақытынан бұрын аяқталды.

Жекпе-жектің алғашқы сәттерінде екі спортшы да сәтті шабуылға шыға білді.  Дегенмен, уақыт өте келе Смиттің соққылары Матиастың жеңілуіне әсер етті. Бесінші раундта бірнеше соққыдан кейін пуэрторикалық боксшы құлап түсті. Бірақ төреші оның жағдайын бағалап, поединокты тоқтатып, техникалық нокаут жариялады.

Осылайша, Далтон Смит WBC нұсқасы бойынша жаңа әлем чемпионы атанып, 28 жастағы британдық өзінің 19 кәсіби кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, оның 14-і нокаутпен аяқталған.

Матиастың үш жеңістен тұратын жеңіс сериясы үзіліп, ол алғаш рет уақытынан бұрын жеңілді. Кәсіби мансабында пуэрторикалық спортшы 23 жекпе-жектен 22-сінде нокаутпен жеңіп, 3 рет жеңілген.

Фото: