Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында Түркиядан жеңіліп қалды
Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы турнирдегі төртінші кездесуін Түркияға қарсы өткізді. Матч 15:8 есебімен түркиялықтардың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы төрт матчтың екеуінде жеңіске жетіп, тағы екеуінде жеңіліс тапты. Бұл нәтиже қазақстандық спортшыларға ширек финалға шығуға мүмкіндік бермеді.
Енді Қазақстан құрамасы турнирде сегізінші орыннан төменгі сатылар үшін күресін жалғастырады.
Бүгін, 7 тамызда, қазақстандық ватерполшылар Грузия құрамасымен кездеседі.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған