457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Әлем кубогын 10-шы орынмен аяқтады

Іріктеу кезеңін қазақстандық спортшы тоғызыншы орынмен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алған болатын.

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды malimsports.kz

Іріктеу кезеңін қазақстандық спортшы тоғызыншы орынмен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды. Алайда ол кезеңде қытайлық Шоухун Чуға есе жіберіп, жарысты оныншы орынмен түйіндеді.

Чу финалда жапониялық Ре Омасаны ұтып жеңімпаз атанды. Ал үздік үштікті германиялық Леандер Карманс түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар Дамир Тоқтаров, Жандос Қалибай, Бекнұр Алтынбеков пен Әлішер Мұрат іріктеу кезеңінен өте алмады.

Фото: olympic.kz