Спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогында қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды
Краковта (Польша) спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Өкінішке қарай, аталған бәсекеде отандастарымыз жүлделі орындардан көріне алмады.
Ерлер арасындағы «жылдамдық» сайсында Ришат Хайбуллин 13-орын, Дамир Тоқтаров 21-орын, Әмір Маймұратов 22-орын, Әлішер Мұрат 49-орын, Рашид Хайбуллин 50-орынға жайғасты.
Әйелдер арасында Тамара Улжабаева 32-орынға тұрақтады. Ал Анна Баларшина 46-орын, Арина Новицкая 57-орыннан көрінді.
Ерлер құрамасы эстафеталық жарыста 9-орынға тұрақтаса, әйелдер командасы 15-орынмен жарысты аяқтады.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған