Сеулде (Оңтүстік Корея) спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кезекті жарыс күнінде боулдерингтен іріктеу кезеңі өтті.
Әйелдер арасында Маргарита Агамбаева 29.2 ұпай жинап, 51-орынға тұрақтады.
Азат Майкотов 19.8 ұпай еншілеп, 79-нәтиже көрсетті.
Өкінішке қарай, спортшылар іріктеу кезеңінен өте алмады.
Бұған дейін Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енген еді.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі