Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Әмір Маймұратов жүлдесіз қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іріктеу кезеңін 15-орынмен аяқтаған ол плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
Алайда 1/8 финалда америкалық Самуэль Уотсонмен кездескен Маймұратов бәсеке барысында құлап қалды. Қарсыласы жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Осылайша, қазақстандық спортшы әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.
Фото: ҰОК