Индонезия астанасы Джакарта қаласында спорттық гимнастикадан 53-ші әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін ерлер арасындағы жеке көпсайыстың алғашқы іріктеу күні өтті. Қазақстандық гимнастар бес снаряда өнер көрсетті. Ал көпсайыс пен тіреп секіру бағдарламасына біздің спортшылар қатыспайды.
Іріктеу жарысының аралық нәтижесінде Милад Карими еркін жаттығуда көш бастап тұр, ал Нариман Құрбанов гимнастикалық атта үздік нәтиже көрсетті.
Ат снаряды:
Нариман Құрбанов — 14.700 ұпай
Зейнолла Ыдырысов — 14.300
Дияс Тойшыбек — 13.800
Еркін жаттығу:
Милад Карими — 14.133 ұпай
Дмитрий Патанин — 13.000
Ильяс Азизов — 12.766
Кермедегі жаттығу:
Милад Карими — 14.200 ұпай
Ильяс Азизов — 12.733
Қоссырық:
Ильяс Азизов — 13.266 ұпай
Дмитрий Патанин — 13.200
Сақина:
Дмитрий Патанин — 11.633 ұпай
Ертең іріктеудің екінші күні өтеді. Оның қорытындысы бойынша әр жаттығуда үздік шыққан 8 спортшы финалға жолдама алады.
Биылғы әлем чемпионатына 75 елден 400-ден астам гимнаст қатысуда.
Фото: СДД