Спорттық гимнастика: Қазақстан құрамасы Азия ойындарының лицензиясын иеленді
Қытайдың Цуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Командалық көпсайыс қорытындысы бойынша қазақстандық гимнасттар 142,061 ұпай жинап, тоғызыншы орынға тұрақтады. Бұл нәтиже командаға құрлықтық доданың басты лицензияларының бірін иеленуге мүмкіндік берді.
Жарыста Қазақстан құрамасының сапында Дарья Ясинская, Эвелина Ежова, Амели Нукушева, Амина Халимарден және Радмила Тарасова өнер көрсетті.
Командалық есепте Қытай құрамасы чемпион атанса, Жапония күміс, ал Оңтүстік Корея қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 28 маусымға дейін жалғасады.
Фото: спортты дамыту дирекциясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған