Мәзір
Жаңалықтар

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы құрамы анықталды

Сабина Асқарқызы 186 қаралым
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы құрамы анықталды

Астанада 11-14 қыркүйек аралығында өткен Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша шорт-тректен ұлттық құраманың 2025/2026 жылғы маусымға арналған құрамы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz. Құрамға 6 ер және 5 әйел спортшы еніп отыр. 

Ерлер құрамасы:

Денис Никиша

Әділ Ғалиахметов

Нұртілек Қажғали

Абзал Әжғалиев

Мерсаид Жақсыбаев

Глеб Ивченко

Әйелдер құрамасы:

Малика Ермек

Ольга Тихонова

Яна Хан

Алина Әжғалиева

Зейнеп Құмарқан

Спортшылар алдағы ISU Short Track World Tour кезеңдерінде ел намысын қорғайды. 

Халықаралық жарыстар кестесі:

Монреаль (Канада) – 9–12 және 16–19 қазан

Гданьск (Польша) – 20–23 қараша

Дордрехт (Нидерланды) – 27–30 қараша

Атап өтерлігі, осы төрт кезең 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу мәртебесіне ие болып отыр. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар