Шорт-тректен Қазақстан чемпионатында кімдер топ жарды
20-22 наурыз аралығында Астанадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жасөспірімдер арасында әлемдік рекордсмен және әлем чемпионатының қола жүлдегері Богдан Вехов тәжірибелі қарсыластарынан озып, топ жарды.
Ал әйелдер арасында Азия ойындарының күміс жүлдегері Малика Ермек екінші жыл қатарынан чемпион атанды. Шорт-тректен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары:
Көпсайыс. Ерлер
1 орын — Богдан Вехов (Астана қ.)
2 орын — Павел Цой (Астана қ.)
3 орын — Әділ Ғалиахметов (Астана қ.)
Көпсайыс. Әйелдер
1 орын — Малика Ермек (Астана қ.)
2 орын — Алина Ажгалиева (БҚО)
3 орын — Полина Омельчук (Қостанай обл.)
1000 метр. Ерлер
1 орын — Богдан Вехов (Астана қ.) — 1:37.741
2 орын — Мақсат Уалиулла (БҚО) — 1:38.576
3 орын — Мерсаид Жақсыбаев (Kazakhstan short track skater"] (Ақмола обл.) — 1:38.631
1000 метр. Әйелдер
1 орын — Малика Ермек (Астана қ.) — 1:31.754
2 орын — Алина Ажгалиева (БҚО) — 1:31.839
3 орын — Нұрила Алпысбай (Астана қ.) — 1:31.894
2000 метр. Аралас эстафета
1 орын — Астана қ. — 2:45.408
2 орын — Қостанай обл. — 2:46.027
3 орын — БҚО — 2:46.274
Ең көп оқылған