457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шорт-тректен әлем чемпионатында отандық атлеттер жүлдесіз қалды

Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында 1500 және 500 метр, әйелдер арасында 1000 метр қашықтықтарында, сондай-ақ әйелдер эстафетасында финалдық жарыстар өтті.

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен басталған әлем чемпионатына  Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz

Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында 1500 және 500 метр, әйелдер арасында 1000 метр қашықтықтарында, сондай-ақ әйелдер эстафетасында финалдық жарыстар өтті. Алайда қазақстандық спортшылар бұл күні жүлделі орындарға іліге алмады.

500 метр қашықтықта Қазақстан құрамасынан ең жоғары нәтижені Абзал Әжғалиев көрсетті. Ол ширек финалға дейін жеткенімен, жарысты әрі қарай жалғастыра алмады. Ал осы қашықтықта әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Денис Никиша іріктеу кезеңінде пенальти алып, жарыстан шығып қалды.

500 метрлік сайыста алтын медальді канадалық Стивен Дюбуа жеңіп алды. Күміс жүлде нидерландиялық Йенс ван'т Ваутке бұйырса, қола медаль түркиялық Фуркан Акарға табысталды.

1500 метр қашықтықта қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңінен аса алмады. Бұл дистанцияда алтын жүлдені кореялық Рим Чжон Гун иеленді. Күміс медаль италиялық Томас Надалиниге бұйырса, қола жүлде бельгиялық Стейн Десметтің еншісінде кетті.

Әйелдер арасындағы 1000 метр қашықтықта Алина Әжғалиева ширек финалға дейін жетті. Бұл жарыста алтын медальді оңтүстіккореялық Ким Гил Ли жеңіп алды. Күміс жүлде нидерландиялық Ксандра Велзеборге бұйырса, қола медаль италиялық Элиза Конфортолаға табысталды.

Ал әйелдер эстафетасында алтын медальді Нидерланд әйелдер құрамасы жеңіп алды. Күміс жүлде Италия әйелдер құрамасына бұйырса, қола медаль Қытай әйелдер құрамасының еншісіне тиді.

 Фото: Сали Сабиров / ҰОК