457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Соңғы 5 жылда отандық әйел спортшылар қандай жетіскке қол жеткізді

2020 жылғы Жазғы Паралимпиадада Зарина Байбатина күміс медаль жеңіп алды.

2020 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын әйелдер саны 1,6 млн-ға жетсе, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,7 млн адамды құраған, деп хабарлайды malimsports.kz
2020 жылғы Жазғы Паралимпиадада Зарина Байбатина күміс медаль жеңіп алды. 2022 жылы Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен 2021 жылғы Жазғы Сурдлимпиада ойындарында Анна Краморова мен Дина Адамбаева сурдо дзюдодан қола медаль иеленді, ал Айжомол Әбдіқатова сурдо таэквондодан қола медаль жеңіп алды.
Берульцева Софья Полихроновна 2020 жылғы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Асаубаева Бибисара Ержанқызы шахматтан үш дүркін әлем чемпионы (2021,2022,2025 ж. ж.), 2023 жылғы XIX Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
2024 жылдың қорытындысы бойынша әйел спортшыларымыз әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен кубоктарында, сондай-ақ түрлі халықаралық және тағы басқа беделді жарыстарда олар ел намысын абыроймен қорғап, барлығы 425 медаль жеңіп алды (135 алтын, 143 күміс, 147 қола). Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Қызайбай Назым және Ле Александра Георгиевна, Құлымбетова Жібек Әлімханқызы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанғанын өтуге болады.
2024 жылғы Жазғы Паралимпиада ойындарында Ақмарал Науатбек пара дзюдодан алтын медальға ие болды, ал пара дзюдодан Райфова Зарина мен Даяна Федосова қола медаль жеңіп алды.
2025 жылдың қорытындысы да бойынша әйел спортшыларымыз табысты өнер көрсетіп, Әлем, Азия және Еуропа чемпионаттары мен кубоктарында, сондай-ақ халықаралық және басқа да әлемдік жарыстарда 309 медаль иеленді (99 алтын, 101 күміс, 109 қола).
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында Балкибекова Алуа, Абикеева Аида, Богданова Наталья 1 орынға, Қызайбай Назым 2 орынға, Графеева Виктория мен Талипова Елдана 3 орынға қол жеткізді.
Абиба Абужакынова Будапештте (Венгрия) өткен Әлем чемпионатында тарихи күміс медальді жеңіп алды. Бұл нәтиже Қазақстанда әйелдер дзюдосының тарихындағы ең үздік көрсеткіш болып табылады.
Фристайл-могулдан Әлем чемпионатында Анастасия Городко қола медальға ие болды.
Болгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы көркем гимнастикадан Әлем чемпионатында Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медальді Ақмарал Ерекешева жеңіп алды.
2025 жылы Токио (Жапония) қаласында өткен 2025 жылғы Жазғы Сурдлимпиада ойындарында Амина Файзулина сурдо дзюдодан алтын медаль, Анна Краморова сурдо дзюдодан қола медаль (3-орын) иеленді. Фаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикадан алтын медаль жеңіп алды. Айым Жетпісбаева сурдо дзюдодан қола медаль, ал Айжомол Әбдіқатова мен Аида Макатова сурдо таэквондодан қола медаль иеленді.
Ал 2026 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында конькимен жүгіруден Кристина Шумекова бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алып, сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.

Фото: Ашық дереккөзден