Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина 3-6 желтоқсан күндері Загребте (Хорватия) өтетін халықаралық «Челленджер» сериясының турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортшының есімі Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы жариялаған қатысушылар тізімінде көрсетілген. Жалпы жарысқа 49 мәнерлеп сырғанаушы қатысады, ал тағы бесеуі қосалқы спортшылар ретінде тіркелген.
Айта кетейік, Самоделкина бұған дейін Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде күміс медальға ие болған.
Фото: ҰОК