Мәзір
Жаңалықтар

Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында жүлдесіз қалды

Сабина Асқарқызы 101 қаралым
Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz ҰОК-ға сілтеме жасап. 

Өз өнері үшін қазақстандық спортшы 62,29 ұпай алды. Бұл нәтиже оған аралық есепте тоғызыншы орын алуға мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накаи 73,83 ұпаймен бірінші орынға шықты. 71,41 ұпайға ие болған тағы бір жапониялық спортшы Юна Аоки екінші орынға жайғасты. Ал Моне Чиба (Жапония) 68,09 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орында келеді.

Еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар