Мәзір
Жаңалықтар

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Хорватия турнирінде жүлдесіз қалды

Сабина Асқарқызы 252 қаралым
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Хорватия турнирінде жүлдесіз қалды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің қысқа бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Өз бағдарламаcы үшін 52.28 ұпай алды. Осылайша аралық нәтижеде жетінші орынға табан тіреді.

Қысқа бағдарламада бірінші орынды АҚШ спортшысы Брэди Тэннел иеленді - 62.80 ұпай. Бельгиялық Нина Пинзароне 61.30 нәтижесімен екінші орынға тұрақтады. Ал Франция спортшысы Лиа Серна 60.75 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар