Мәзір
Жаңалықтар

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде өнер көрсетеді

Сабина Асқарқызы 203 қаралым
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Гран-приде өнер көрсетеді

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы алдағы Гран-придің кезеңіне қатысушылар құрамын жариялады. Ол жарыс Жапонияның Осака қаласында өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау бағдарламасында Қазақстан құрамасынан Софья Самоделкина сынға түседі. Ол биыл АҚШ-тағы Норвуд қаласында өткен турнирде екінші орын алған болатын.

Жарысқа 12 спортшы қатысады. Дода 7-9 қараша аралығында өтеді.

Бұған дейін Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде Михаил Шайдоров ел намысын қорғап, қысқа бағдарламада үшінші орын иеленген болатын.  

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар