Мәзір
Жаңалықтар

Софья Самоделкина әлем чемпионатында қашан өнер көрсетеді?

Сабина Асқарқызы 215 қаралым
Софья Самоделкина әлем чемпионатында қашан өнер көрсетеді?

Ертең Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады (25-29 наурыз, Чехия), деп хабарлайды malimsports.kz.

Олимпиададан кейінгі маңызы жағынан екінші ірі турнирде Қазақстан намысын екі спортшы – Диас Жиренбаев пен Софья Самоделкина қорғайды. Олардың мұз айдынына шығатын уақыты төмендегідей:

25 наурыз, 15:30 – әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама;

26 наурыз, 15:30 – ерлер арасындағы қысқа бағдарлама;

27 наурыз, 22:00 – әйелдер арасындағы еркін бағдарлама;

28 наурыз, 16:30 – ерлер арасындағы еркін бағдарлама.

Ескерту: уақыт Астана уақытымен көрсетілген.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар