457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Софья Берульцева әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Қазақстандық каратэші финалда германиялық Йоханна Кнермен шеберлік байқасты.

Софья Берульцева Каирдегі (Мысыр) каратэден әлем біріншілігінің финалында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақстандық каратэші 68 келіден жоғары салмақта финалда германиялық Йоханна Кнермен алтын жүлдені сарапқа салды.

Бәсеке барысында германиялық спортшы 5:0 есебімен алға кетті. Содан кейін айқын басымдықпен жеңіске жетті – 8:0. Осылайша, С.Берульцева спорттық жолында алғаш рет әлем чемпионатының күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Әлемдік додада тағы бір қазақстандық Дидар Әмірәлі 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін айқаста чилилік Фрейре Фуэнтес Томасты жеңді.

Дидар осымен екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері атанып отыр. Бұған дейін ол 2023 жылы да қола жүлдеге ие болған еді.

Фото: ҰОК