Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ол рапирамен семсерлесу жарысында екінші орын алды.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытай өкілі Ху Бейниді 15:8 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал финалдық белдесуде Ресей спортшысы Стефания Часовниковамен кездесіп, 11:15 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Софья Актаева әлем кубогы кезеңін күміс жүлдемен аяқтады.
Фото: ҰОК