457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

София Ақтаева әлем чемпионатындағы жекелей жарысын аяқтады

Ақтаева үздік 32 спортшының қатарына ену үшін америкалық Джозефина Конвеймен кездесті.

Гонконгте өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей рапира сайысының плей-офф кезеңі басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан құрамасының рапира шебері София Ақтаева үздік 32 спортшының қатарына ену үшін америкалық Джозефина Конвеймен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде қазақстандық спортшы 10:15 есебімен жеңіліп, жекелей сындағы жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, жақын уақытта Қазақстан құрамасының семсерлесушілері Қуаныш Ергашбай, Назарбай Саттархан және Артём Саркисян әлем чемпионатындағы жүлделер үшін күресті жалғастырады.

Қазіргі таңда Гонконгтегі әлем біріншілігі өз жалғасын тауып жатыр, ал қазақстандық спортшылар командалық және жекелей бағдарламаларда ел намысын қорғауда.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы