Мәзір
Жаңалықтар

София Актаева семсерлесуден Гонконгта өтетін Әлем кубогы кезеңінде сынға түседі

Сабина Асқарқызы 114 қаралым
София Актаева семсерлесуден Гонконгта өтетін Әлем кубогы кезеңінде сынға түседі

Гонконгта рапирамен семсерлесуден әйелдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп жазады malimsports.kz. 

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының намысын бір ғана спортшы қорғайды.

Жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін София Актаева сынға түседі.

Айта кетейік, семсерлесуші жыл басында БАӘ-де өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болған еді.

Гонконгтағы Әлем кубогының кезеңі 9-10 қаңтар аралығында өтеді.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар