Мәзір
Жаңалықтар

София Актаева семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 108 қаралым
София Актаева семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандасымыз рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.

София финалға шығу үшін өткен кездесуде қытайлық Чжу Линьлиньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қытай спортшысы 14:15 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар