Мәзір
Жаңалықтар

София Актаева Ислам ойындарында күміс жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 142 қаралым
София Актаева Ислам ойындарында күміс жүлдегер атанды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп жазады malimsports.kz. 
Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.
Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті.
Тартысқа толы өткен айқаста 15:13 есебімен түркиялық спортшы жеңіске жетті.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар