457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Соболенко қатарынан екінші рет жылдың үздік теннисшісі атанды

Ол екінші маусым қатарынан әлемдік рейтингті жеке сында бірінші орынмен аяқтады.

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) ресми сайтында жыл сайынғы марапаттардың қорытындысы жарияланды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина басты номинацияда жүлдеге ие бола алмады, деп хабарлайды malimsports.kz

2025 жылдың үздік теннисшісі атағы Беларус өкілі Арина Соболенкоға берілді. Ол екінші маусым қатарынан әлемдік рейтингті жеке сында бірінші орынмен аяқтады.

2025 жылы 27 жастағы спортшы төрт турнирде жеңіске жетті, соның ішінде Үлкен дулыға санатындағы US Open турнирін ұтты. Маусым барысында Соболенко 63 матчта жеңіске жетіп, бір маусымда тапқан сыйақы көлемі бойынша рекорд орнатты — 15 миллион АҚШ долларынан аса қаражат.

Аталған номинацияға Қазақстан атынан Елена Рыбакина да үміткер болды. Ол маусымды әлемнің бесінші ракеткасы ретінде аяқтады.

Жылдың үздік жұбы аталымында америкалық Тейлор Таунсенд пен чехиялық Катерина Синякова жеңімпаз атанды.
«Жыл серпілісі» номинациясы АҚШ өкілі Аманда Анисимоваға бұйырды.
Ал спортқа сәтті оралғаны үшін швейцариялық Белинда Бенчич марапатталды.
Жылдың үздік жаңалығы атағын канадалық Виктория Мбоко иеленді.

Фото: Ашық дереккөзден