457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сноубордтан Олимпиаданың алғашқы жүлдегерлерінің бірі қар көшкіні кезінде қаза тапты

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Альпі тауларында болған

Сноубордтан Олимпиада ойындарының алғашқы жүлдегерлерінің бірі, швейцариялық спортшы Уэли Кестенхольц Швейцарияның Вале аймағында болған қар көшкіні салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол 50 жаста болған. Швейцарияның шаңғы федерациясының ресми сайтында жазылғандай, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Альпі тауларында болған. The Guardian басылымының мәліметінше, Кестенхольц шамамен 2400 метр биіктікте досы - шаңғышымен бірге сноуборд теуіп жүрген сәтте олардың үстіне қар көшкіні жүрген.

Спортшының серігі өз бетімен қар астынан шығып, құтқарушыларды шақыра алған. Ал қар астында қалған Уэли Кестенхольц оқиға орнынан тікұшақпен эвакуацияланды. Ол алдымен Фисп қаласындағы ауруханаға, кейін Сьон қаласындағы клиникаға жеткізілген. Алайда алған ауыр жарақаттарының салдарынан дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Уэли Кестенхольц 1998 жылы Нагано қаласында өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде иеленіп, Олимпиада тарихындағы сноубордтан алғашқы швейцариялық жүлдегер атанған. Ол сондай-ақ 2002 және 2006 жылдардағы Олимпиадаларға қатысқан.

Спортшы X-Games экстремалды жарыстарында сноуборд-кросс дисциплинасында екі мәрте жеңімпаз атанып, кәсіби мансабын экстремалды спорт түрлерінде жалғастырған.

Марқұмның соңында жұбайы және 17 мен 9 жастағы екі ұлы қалды.

Фото: Getty Images