Сметов өзіне сыйлаған қымбат көлікті сатылымға шығарды
Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы жетістігі үшін өзіне кәсіпкер сыйға берген көлігін сатылымға шығарды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортшыға белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов Парижден оралған соң Мерседес GLE 450 маркалы су жаңа көлікті сыйға берген еді.
«Көлігім сатылымға шықты. Жұғысты болсын деп алушылар болса үлгеріңіздер», - деп жазды дзюдошы желіде.
Елдос Сметов көлікке иелік еткелі бері 35 мың шақырым жол жүрген. Көлікті ол 45 млн теңгеге саудалап отыр.
Естеріңізде болса, тараздық дзюдошы Париж Олимпиадасында 60 келіде сынға түсіп, чемпион атанған еді. Ол Франция астанасында өткен төртжылдықтың басты ойындарында 5 белдесу өткізіп, Нидерланд, Украина, Қытайлық Тайпей, Испания және Франция балуандарынан айласын асырды.
Елге оралған спортшыға Жамбыл облысының әкімі 5 бөлмелі пәтер мен Lexus LX600 маркалы көлігін сыйлады. Бұдан бөлек, Сметовке ҚР дзюдо федерациясы Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер, құрылыс компаниясы Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Бұдан бөлек, демеушілер тарапынан да қымбат сыйлықтар берілді. Мәселен, Қарағандыда балуанға Алмаз Әлсенов 50 млн теңге табыстаған болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған