Симон Эхаммер 14 жылдық әлем рекордын жаңартты
Швейцариялық спортшы Симон Эхаммер көпсайыста14 жыл бойы сақталған әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл тарихи нәтиже жабық кешендегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өткен Польшаның Торунь қаласында тіркелді.
26 жастағы Эхаммер жеті сайыстың қорытындысы бойынша 6670 ұпай жинап, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұған дейінгі рекорд - 6645 ұпай 2012 жылдың наурызында америкалық Эштон Итон тарапынан қойылған еді.
Симон Эхаммер осылайша жеті сайыста екі дүркін әлем чемпионы атанды (2024, 2026). Бұдан бөлек, оның еншісінде 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі бар.
Айта кетейік, Эхаммер тек көпсайыс бойынша ғана емес, өзге дисциплиналарда да табысты өнер көрсетіп келеді. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатында ұзындыққа секіруден қола медаль иеленген.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған