457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Серік Сәпиев пен Дәурен Есімхановқа қатысты тәртіптік іс тоқтатылды

Бұған екі мемлекеттік қызметкердің де өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруі себеп болған.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға байланысты қозғалған тәртіптік іс тоқтатылды.

Бұған екі мемлекеттік қызметкердің де өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруі себеп болған.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған оқиға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің назарына іліккен еді. Аталған дерек бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы 2026 жылғы 3 ақпанда Әдеп жөніндегі кеңесте қаралуы тиіс болатын.

Алайда отырыс қарсаңында, яғни 2 ақпан күні, Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазған. Осыған байланысты олар атқарып отырған лауазымдарынан босатылып, тәртіптік іс тоқтатылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа байланысты немесе мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін ауыр теріс қылық жасаған жағдайда ғана өз еркімен жұмыстан кете алмайды. Ал бұл жағдайда қозғалған іс «қызметтік әдеп нормаларын бұзу» санатына жатқызылғандықтан, қызметтен кетуге заң жүзінде шектеу қойылмаған.

Сонымен қатар Қарағанды облысы әкімі аппаратына алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық сипаттағы ұсыныстар жолданатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін ақпарат көздерінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті оның орынбасары Дәурен Есімханов ұрып-соқты деген мәлімет тараған болатын.