457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Серік Сәпиев министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Ол бүгін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымынан өз еркімен босатылған болатын.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған Серік Сәпиев бүгін туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі қызметіне тағайындалды. Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды», - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.

Серік Сәпиев - бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Азия біріншілігінің екі мәрте чемпионы. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін боксшы «Астана арландары» кәсіпқой бкос клубының директоры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Қарағанды обылсының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті лауазымын қоса атқаруда.

Аталған штаб құрамына туризм және спорт министрлігінің өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері және спорт саласының ардагерлері енді. Олар дайындықтың әрбір кезеңін пысықтап, қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, биылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді. Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енген. Жалпы 68 бағдарлама бойынша 460 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Оның 217-сі ерлер арасында, 204-і әйелдер арасында, ал 39-ы аралас санатта ойнатылады. Бағдарламаға олимпиадалық, олимпиадалық емес және дәстүрлі азиялық спорт түрлері енген.

Фото: Ашық дереккөзден