Сергей Емельянов қатарынан 15 жыл 1000 метр қашықтықта Қазақстан чемпионы атанды
Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бес күнге жоспарланған жарысқа елдің 11 өңірінен 120 спортшы қатысуда. Ескекшілер 10 бағдарлама бойынша жүлделерді сарапқа салады. Аталған дода сәуір айының соңында Хейфей қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады.
Жарыстың алғашқы күні спортшылар 1000 метр қашықтықта сынға түсті. Каноэде есуден ұлттық құраманың көшбасшысы Сергей Емельянов кезекті мәрте топ жарып, ерекше нәтижеге қол жеткізді. Ол Олимпиада бағдарламасына кіретін осы қашықтықта 2011 жылдан бері 15-рет Қазақстан чемпионы атанды.
Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Байдарка, 1000 м (ерлер):
Дмитрий Холмогоров (Қарағанды облысы)
Кирилл Тубаев (Қарағанды облысы)
Сергей Токарницкий (Шымкент қаласы)
Каноэ, 1000 м (ерлер):
Сергей Емельянов (Шымкент қаласы)
Тимофей Емельянов (Шымкент қаласы)
Ануар Альмагамбетов (Қызылорда облысы)
Байдарка, 1000 м (әйелдер):
Стелла Суханова (Шымкент қаласы)
Ольга Шмелёва (Түркістан облысы)
Татьяна Токарницкая (Алматы қаласы)
Каноэ, 1000 м (әйелдер):
Мария Бровкова (БҚО)
Руфина Искакова (Шымкент қаласы)
Маргарита Торлопова (ШҚО)
Байдарка, жұптық 1000 м (ерлер):
Жахонгир Жамедов, Дінмұхаммед Шынқожаев (Шымкент қаласы)
Михаил Яковлев (Қарағанды облысы), Владимир Картушин (ШҚО)
Глеб Ударцев, Тимофей Таранов (Ұлытау облысы)
Каноэ, жұптық 1000 м (ерлер):
Тимофей Емельянов (Шымкент), Владислав Руденко (Алматы облысы)
Ануар Альмагамбетов (Қызылорда), Полат Төребеков (Түркістан облысы)
Савелий Лыжин, Артур Миллер (Ұлытау облысы)
Байдарка, жұптық 1000 м (әйелдер):
Елизавета Масякина (Шымкент), Валерия Вильгелм (ШҚО)
Альбина Халикова, Карина Семеникина (Түркістан облысы)
Феруза Суворова, Анастасия Кунц (Шымкент қаласы)
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты бір аптаға созылады.
Фото: СДД
Ең көп оқылған