Серена Уильямс спортқа қайта оралғаннан кейінгі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Атақты америкалық теннисші Серена Уильямс Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы жұптық турнирде жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортшы жарысқа канадалық Виктория Мбокомен бірге қатысып, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы wild card (ерекше рұқсат) иеленді.
Бірінші айналымда Уильямс пен Мбоко америкалық Николь Меликар-Мартинес пен Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлиффке қарсы ойнады. Қарсыластары турнирде үшінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген.
Кездесу екі сетке созылды. Бірінші сет тай-брейкке дейін жетіп, тартысты өтті. Қорытынды есеп — 7:6 (7:2), 6:2. Ойын ұзақтығы 1 сағат 31 минутты құрады.
Осы жеңістің арқасында Уильямс пен Мбоко Лондон турнирінің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде олар канадалық Лейла Фернандес пен неміс Лаура Зигемунд жұбымен кездеседі.
Айта кетейік, 44 жастағы Серена Уильямс үшін бұл ресми деңгейдегі ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы матч болды. Ол соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде кәсіби турнирге қатысқан еді.
Фото: Getty Images for LTA
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған