457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Семсерлесуші Руслан Курбанов әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен - Руслан Курбанов. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді (10-шы орын).

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ванкуверде (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен - Руслан Курбанов. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді (10-шы орын).

Кирилл Проходов - 26-шы орын, Никита Жулинский - 42-ші, Александр Федотов - 46-шы, Кирилл Павлов - 64-ші, Вадим Шарлаимов - 85-ші, Эльмир Әлімжанов - 118-ші, Алексей Касаткин - 161-ші, Ерлік Сертай - 180-ші орын алды.

Командалық жарыста Қазақстан 13-ші орынға тұрақтады.

Бұған дейін Орлеан (Франция) қаласында қылыштасудан Гран-при турнирі өтіп, оған Қазақстан құрамасынан жеті спортшы қатысқан болатын. Олардың аасында Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Назарбай Саттархан және Жанат Нәбиев сынды семсер шеберлері бар.

Фото: ҰОК