Мәзір
Жаңалықтар

Семсерлесуден жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына тарихи медаль түсті

Сабина Асқарқызы 222 қаралым
Семсерлесуден жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына тарихи медаль түсті

Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нұрмұхаммед Жайлыбай жекелей сында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл – Қазақстан тарихында жекелей сындағы алғашқы медаль.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар жүлдеге жақын болғанымен, тұғырға көтеріле алмаған еді. Атап айтқанда, Артём Саркисян мен Бақдәулет Құралбекұлы жүлдеден бір қадам жерде тоқтаған.

Нұрмұхаммед Жайлыбай жарыс барысында жоғары деңгейдегі шеберлік көрсетті. Жартылай финалда ол Еуропа чемпионы, рейтинг көшбасшысы түркиялық Yaman Furkanпен кездесіп, тартысты бәсекеде 13:15 есебімен есе жіберді.

Осы нәтижесінің арқасында Нұрмұхаммед Жайлыбай жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық семсерлесуші ретінде тарихқа енді.

Фото: Семсерлесу федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар