457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Олимпиада жүлдегерлерін жеңіп, Азия чемпионы атанды

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың кезекті күнінде ерлер арасындағы шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы құрлық чемпионы атанды.

Финалда Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов өнер көрсеткен қазақстандық команда соңғы екі Олимпиада ойындарының алтын және күміс жүлдегері атанған Жапония құрамасымен кездесті.

Тартысты өткен шешуші бәсекеде Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін әйелдер арасындағы жекелей шпага сайысында Ирина Бакалдина алтын медаль жеңіп алса, Руслан Құрбанов қола жүлдеге ие болған. Сонымен қатар ерлер арасындағы командалық қылыш сайысында Қазақстан құрамасы қола медаль еншілеген еді.

 

Фото: ҰОК