Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалға жолдама алды деп хабарлайды malimsports.kz.
Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимовтан құралған ұлттық құрама командалық шпага сайысының ширек финалында Дания құрамасымен кездесіп, 45:36 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатының үздік төрт командасының қатарына еніп, жүлде үшін күресті жалғастырады.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Ресей мен Мысыр құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен бақ сынайды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған