Мәзір
Жаңалықтар

Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды

Сабина Асқарқызы 74 қаралым
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды

Қарағандыда семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарысқа 250-ден астам спортшы қатысып жатыр. Республикалық турнир 15–21 қыркүйек аралығында өтеді. 15–16 қыркүйек күндері рапира бойынша медальдар сарапқа салынады. Одан кейін семсермен сайыстар өтсе, қылышшылар чемпионатты қорытындылайды.

Кеше рапирадан жеңімпаздар анықталды:

Ерлер:

Мансұр Естеу (Астана)

Ғалым Нұрымов (Алматы)

Тамерлан Қалиев (Абай облысы)

Тимофей Семёнов (Алматы)

Әйелдер:

София Ақтаева (Алматы)

Алёна Гноева (ШҚО)

Алина Искандерова (ШҚО)

Алуа Мұқанова (Алматы)

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар